Қызылорда қаласында «Жасөспірім» іс-шарасы қорытындыланып, ішкі істер органдарына 131 құқық бұзушы жеткізілді.
Қала көлемінде «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы барысында алкогольдік ішімдік ішетін, заңды өкілдердің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта үй-жайлардан тыс болатын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау бойынша және жастардың шоғырлану орындарын (аулалар, жертөлелер және т.б.) тексеру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның аясында ішкі істер органдарына 130 құқықбұзушы жеткізілді.Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық кешендерінде және тұрғын жайдан тыс жерде жүргендері үшін 25 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды, ал қадағалаусыз жүрген 6 бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді.
Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаған (ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы) 2 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы – алты дерек анықталып, хаттама рәсімделіп тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Кәмелетке толмағандардың және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Осы орайда, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері ата – аналардан жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмауды ескертеді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.