Биыл 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары енгізіледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мүгедектігі бар жандар үшін кедергісіз орта құру туралы айтып берді.
Қойылған сұраққа жауап бере отырып комитет төрағасы мекемелерде мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсетуге қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда салынатын айыппұл мөлшеріне тоқталды.
«Мекемеге ең алдымен нұсқама береміз. Нұсқама бергеннен кейін тапқан кемшіліктер кәдімгідей күрделі болатын болса, оған міндетті түрде айыппұл саламыз. Айыппұл мөлшері біз келіп тексеретін мекеменің деңгейіне байланысты. Жеке тұлға немесе лауазымды адам болатын болса, оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал егер ол кәдімгі үлкен мекеме болатын болса, оған салынатын айыппұл көлемі 200 АЕК дейін көтеріледі», – деді министрлік өкілі.