ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісовтің кездесуімен балық шаруашылығына қатысты бір қатар мәселелер талқыланды.

Бірінші кезекте Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы аясында жоспарланған шараларға тоқталып, алдағы басым міндеттер туралы және бағдарламаға өзгерістер енгізілетіндігін айтты.
Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары жүргізіліп жатқанын және субсидия алу ережесінің өзгергенін ескеріп, балық шаруашылығын субсидиялауға мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты сапалы және уақытылы игеруді міндеттеді.
Жыл соңына дейін материалды-техникалық база жаңа техникалармен толығатынын хабарлап, құқық бұзушылық кезінде балық аулау қағидаларына аса мән беруді және браконьерлікпен күресті күшейтуді алға тартты.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің этикасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын қатаң сақтауды тапсырды.
Балық шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заң талаптарынына өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі туралы және алға қойған мақсаттарды атап өтті.
Сонымен қатар, Арал өңірінің қазақстандық бөлігінде жұмыс істейтін донорлардың үйлестіру конференциясы өз жұмысын бастады, ол 26 мамырды күні де жалғасын табады. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінен Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н. Жүнісов қатысуда.
Қазіргі таңда, Арал теңізі бассейніндегі экологиялық көрсеткіштер мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды одан әрі жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Арал теңізінің солтүстік бөлігін өңірлік дамыту және қалпына келтіру» жобасын дайындауды жүзеге асыруда.
«Арал өңірінде бірқатар маңызды жобалар іске асырылды және іске асырылуда. Бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында біз USAID өңірлік жобасының, Халықаралық Аралды құтқару қорының Арал теңізі өңірінде ынтымақтастық жөніндегі стратегиялық платформа құру жөніндегі атқарушы дирекциясының бастамасын құптаймыз және даму жөніндегі халықаралық әріптестерімізді осы өңірдегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартуға ықпал ететін осы бастаманы қолдауға шақырамыз»,-деді Нариман Жүнісов.
USAID бастамасымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрғатылған Арал теңізінің түбіне экспедиция ұйымдастырды.
Экспедицияға АҚШ-тың Бас консулы Каролин Саваж, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада, Германия Елшісінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты орынбасары Холгар Коллей, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан өкілдері және мүдделі халықаралық және отандық ұйымдардың басқа да өкілдері қатысты.
Қазіргі уақытта экспедицияның жоғарыда аталған қатысушылары осы конференцияға да қатысуда.

БӨЛІСУ