Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу, балалардың құқығын қорғау мақсатында ағымдағы жылдың 7-9 маусым күндері аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.
Шараға ювеналды инспекторлармен қатар, криминалдық полиция, есірткіге қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері жұмылдырылды.
«Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау шараларымен қатар, профилактикалық жұмыстарды, олардың құқығын қорғау жұмыстарын да ауқымды түрде жүргізеді. Шара барысында жасөспірімдерді қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға тартқан, кәмелетке толмағандарға алкогольдік сусындар мен темекі өнімдерін сатқан, ата-аналық міндеттерін орындамайтын ересектерді анықтауға ерекше назар аударылатын болады.
Жыл басынан бері облыс бойынша құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін ішкі істер органдарына 3011 кәмелетке толмаған жеткізілді, балалардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз үй-жайдан тыс болуына жол бергені үшін 2268 ата-ана, балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 109 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар Қызылордалық полицейлер түнгі рейд барысында жиырма жасөспірімнің ата – анасына хаттама толтырды
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғынжайдан тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау мақсатында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс — шара аясында Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған жедел топпен бірге рейд жүргізді.
Түнгі рейд барысында ата-ананың еріп жүруінсіз мекенжайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған жиырма жасөспірім анықталып, олардың ата – аналарына Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының
2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.