Қала аумағындағы сыртқы-көрнекі ақпаратта, деректемелерде, маңдайша тақташаларда, жарнама мәтіндерінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 21-бабына сәйкестігі зерделеніп, кемшілік анықталған нысан иелеріне түсіндіру мақсатында «Таза тіл» еріктілер тобы мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Еріктер тобының қатысуымен өткен зерделеу жұмыстары нәтижесінде 3 көшенің бойында орналасқан 155 нысанның көрнекі ақпарат пен жарнамалары зерделеніп, 25 кемшілік анықталып, кәсіпкерлерге әдістемелік көмектер көрсетілді.

«Көптеген жарнама берушілер Заңға бағына бермейді. Сондықтан да, мемлекеттік тіліміздің көркейіп, кең етек жаюы және мәртебесі мен мерейін арттырып, қаламызда қате, сауатсыз жазылған жарнамаларды жастардың назарына ұсыну арқылы, оларды ойландыру, осы мәселенің шешу жолдарын жас өрендерімізді тарту арқылы қолға алу болып табылады. Ең бастысы – бүгінгі жастарымыздың арасында өзіміздің төл тіліміз – қазақ тіліне барынша насихат жасасақ мемлекеттік тілдің мәртебесі артады деп білемін», – деді «Jastar ruhy» жастар қанатының төрағасы Медет Жорабек.

Аталған мониторнг жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп, сауатсыз жарнамалардың түзетілуі, заңнама талаптарына сәйкестендірілуі үнемі бақылауда болады.

БӨЛІСУ