Сенаторлар кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылды талқылады.
Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина өз сөзінде мұндай кездесулер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Халықаралық стандарттарды сақтау елдерге кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін құруға және ұлттық экономиканы күңгірт капиталдан қорғауға мүмкіндік береді. Ортақ міндеттерді шешу және жаһандық қаржы жүйесінің қауіпсіздігін нығайту мақсатында елдер күш біріктіруі тиіс. Қазақстан әрқашан ашық және өзара тиімді ынтымақтастықтың жақтаушысы болған және солай болып қала береді», – деді Ольга Перепечина.
Парламентшілер шара барысында террористік және экстремистік қызметті қаржыландыру арналарын қадағалау, анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды заңнамалық реттеу тәжірибесін талқылады. Заң жобаларын әзірлеу, оларды сараптамалық және қоғамдық талқылау дағдысымен және мысалдарымен бөлісті.