Skip to content

МҮГЕДЕКТІ БЕЛГІЛЕУ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР СЫРТТАЙ ҚАРАЛА БАСТАДЫ

Мүгедектікті белгілеу бойынша 25 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды.

2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 25,1 мың өтінім қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 24,1%-ын құрайды. Қазіргі уақытта жобаға 700-ден астам медициналық ұйым қосылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.