«Қызылорда және Қостанай облысы үкіметтік емес ұйымдарының өзара серіктестігін арттыру, тәжірибе алмасу» тақырыбындағы көшпелі кездесу өтті
Бүгін үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығында Қызылорда және Қостанай облысы үкіметтік емес ұйымдарының өңіраралық өзара серіктестігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында қос тараптың қатысуымен көшпелі кездесу ұйымдастырылды.
Көшпелі кездесуге Қостанай облысынан бірқатар азаматтық қоғамның белсенді өкілдері, «Жалын жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенбек Мейрамбек Айбекұлы, «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының төрағасы Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы және «Жастар азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қожахметов Данияр Қуанышұлы, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасы Ізден Анар Жарылқасынқызымен бірге, облыстың бірқатар белсенді ҮЕҰ-дың төрағалары, ардагерлер, облыстық қоғамдық даму басқармасының қызметкерлері қатысты.
Қонақтар Қызылорда қаласы музейімен, одан әрі ҮЕҰ ресурстық орталығының жұмысымен танысып, Қызылорда облысының ҮЕҰ өкілдері жобаларымен жұмыс жасау барысындағы әдіс-тәсілдерді талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.
Қостанайлық белсенділер өз жұмыс тәжірибелеріне негізделген жобаларын ортаға салып, алдағы уақытта заманның ағымына қарай жаңа жобаларды әзірлеу жолдарын қарастыруды талқылап, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Жиын соңында өңірлердегі азаматтық қоғамның өзара байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылған кездесуде әріптестік негізіндегі өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірудің бірлескен қадамдары ұсынылды.