Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Дауылкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Еркін форматта өткен жүздесуде аудан басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта қолға алынатын жобаларға тоқталып, халық жолдаған сауалдарға жауап берді.
Сондай-ақ, Дауылкөл ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталатын айтып, жаңа әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталған кейін тұрғындар орталыққа бармай-ақ алғашқы медициналық көмекті осы дәрігерлік амбулаториядан алатынын жеткізді.
Сонымен қатар, Дауылкөл ауылындағы спорт алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргілетінін және одан бөлек ауылдағы 4 көшеге орташа жөндеу, 3 көшені жарықтандыру, денешынықтыру кешенінің құрылысы объектісінің жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге, сараптамадан өткізуге тиісті қаржысы қаралып отырғандын айтты.
Одан соң аудан әкімі тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, олардың ескерусіз қалмайтындығын, қажетті шаралар бірлесіп атқарылатындығын жеткізді.
Аудан әкімі халықпен кездесуден кейін «Жастар бастамаларын қолдау» әлеуметтік жобасы аясында іске асырылған «Домбыра» үйірмесінің жұмысымен танысты.