Skip to content

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЫСЫРДАҒЫ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ

Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын мерекелеу бағдарламасы аясында 300-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Қазақстандық делегация Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылу салтанатына қатысуға және Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндеріне орай іс-шаралар өткізу үшін Мысырға барды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Делегация құрамында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және еліміздің басқа да саяси және қоғам қайраткерлері бар. Сондай-ақ, Каирге қазақстандық театр актерлері, музыканттар мен ғалымдар келді.
БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.