«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті. Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткіге қарсы айлықты өткізу барлық азаматтарды, олардың ішінде кәмелетке толмағандар мен жастарды алдын алу іс-шараларымен кеңінен қамтуға бағытталған. Айта кету кере, бұл іс-шаралардың барлығы 26 мамыр мен 26 маусым аралығында еліміздің барлық өңірін толық қамтитын болады.
Бұл акцияның негізгі мақсаты – халықты нашақорлықтың таралу қауіпі туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады және жасөспірімдерде тұрақты есірткі иммунитетін қалыптастыру сондай-ақ есірткініңзаңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын түсіндіру болып табылады.
Сонымен қатар акция аясында Жосалы кентінің Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Нашақорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараға: Қармақшы АПб-нің КПб-нің аға жедел уәкілі полиция капитаны С.Шүкіров, ЖПҚб-нің ЮПт-ның УПИ-ры полиция капитаны Р.Әбдірахманов, «Жастар Ресурсы Орталығы» маманы Р.Бақытжан, Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Т.Сүлеев қатысты. Шара барысында жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша сала мамандарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс шара соңында оқушылардың өз ойлары ортаға салынып, ұсыныс пікірлер тыңдалды.