Бочча – бұл Қазақстандағы ең жас паралимпиадалық спорт түрі. Бұл тірек-қимыл аппаратының ауыр бұзылулары бар адамдарға арналған дәлдікпен ойналатын ойын.

1-3 маусым аралығында елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бочча спортынан ұйымдастырылған жарыста еліміздің барлық өңірлерінен 47 спортшы бақ сынаған болатын.

Айтулы додада сайысқа түскен, №83 орта мектебінің 9 сынып оқушылары Қанатбек Жанарыс ВСМ1 класс бойынша, Торыбаева Нұрсауле ВСМ5 класс бойынша I орынды, №220 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Шаханова Жангүл мен 3 сынып оқушысы Аманжол Аянат ВСМ5 класс бойынша ІІІ орынды иеленді. Ал Арал көпсалалы колледжінің 1 курс студенті Аманқосова Қымбат ВСМ5 класс бойынша жүлделі ІІ орынды қанжығалады.

Аталған додаға қатысып аудан мерейін көтерген жасөспірімдерді аудан әкімдігі құттықтап, ыстық ілтипатын білдіріп, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, жас спортшыларға талаптарына сәттілік тілеп, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.

БӨЛІСУ