Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанның жас денсаулық сақтау мамандарымен кездесу өткізді, оның барысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша жаңа идеялар мен ұсыныстар талқыланды.

Ведомство басшысы жас дәрігерлерді құттықтап, мамандық таңдаудың маңыздылығы мен жауапкершілігін атап өтіп, Министрліктің жұмысы мен саланың стратегиялық міндеттері туралы айтты.

“Біз күн сайын адамдардың қалай емделетінін, сауығып кететінін, өмірін сақтап қалатынын, медицинада жаңа әдістер мен технологиялардың енгізілгенін, дәрігерлеріміздің жетістіктері халықаралық наградалармен атап өтілетінін көреміз. Бұл біздің үлкен қажырлы бірлескен жұмысымыз және Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі міндеті – стратегияны, денсаулық сақтаудың нормативтік – құқықтық базасын әзірлеу, кадрлар даярлау болып табылады, нәтижесінде, біз бәріміз халықтың денсаулығын жақсартуға ұмтыламыз”, – деп атап өтті А.Ғиният кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде.

Коронавирус инфекциясының екі толқынына қарамастан, өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасқа жетті, бұл Қазақстанда ешқашан болған емес, деп қосты ол. Өз кезегінде, әр түрлі мамандықтардың жас мамандары денсаулық сақтауды дамыту туралы өз көзқарастарын білдіріп, саланың міндеттерін шешу үшін өз жобаларын ұсынды. Атап айтқанда, олардың тарапынан департаменттермен белгілі бір проблемаларды талдау және шешімдер іздеу, инновацияларды, ғылыми жобаларды, білім беру қызметін іздеуге қатысу бойынша жұмыс ұсынылды. Шақырылған қатысушылар Министрліктің норма шығару және заң шығару қызметінде тәжірибе жинақтауға қызығушылық білдірді.

Министр денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері бойынша жас мамандардың бастамалары мен ұсыныстарын тыңдап, оларды жұмыста инновациялық креативті тәсілдерді қолдануға, нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық тараптардың күш-жігерін біріктіруге шақырды.

“Сіздер ұлт денсаулығына қамқорлық жасайтын маңызды жүйенің бір бөлігісіздер және сіздердің жұмыстарыңыз елдің әрбір тұрғыны үшін үлкен маңызға ие, сіздерге үлкен сенім мен үміт артылады. Медициналық көмектің сапасын жақсартуға және азаматтардың денсаулығын сақтауға өз үлестеріңізді қосатындықтарыңызға сенімдіміз”, – деді А.Ғиният.

Онлайн режимдегі кездесуге ғылыми қызметкерлер, дәрігерлер, доценттер, сарапшылар, республикалық және жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау, білім беру, ғылым ұйымдары басшылығының өкілдерінен тұратын 30-дан астам адам қатысты.

БӨЛІСУ