Қылмыс – дегеніміз қылмыстық заңдармен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, әлеуметтік дерт десек. Ал, жасөспірімдердің қылмыстығылы – аса үлкен дерт. Десекте кейбір ата аналар балам «кәмілет жасына» толмаған деп арқаны кеңге салып, жауаптылықтан қашады. Қылмыстық жауапкершілік – кез-келген адамның істеген қылмысына жаза түріндегі, заң алдында міндетті жауап беруі. Ал, кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі оларға қолданылатын қылмыстық заңдардың ерекшеліктерімен ерекшеленеді. ҚР ҚК-нің «Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» бөлімінің 80 бабы, 1 бөлігінде «Кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқықбұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылатындығы көрсетілген.
Кәмелетке толмағандар қылмыстық құқықтың ерекше субъектілері болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекет жасаған баланы сот жазадан босатқан кезде, тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдану аясында, оларды арнайы оқу-тәрбие мекемесіне орналастыруы мүмкін. Шешім қабылдаған кезде судья әр жағдайда баланың өмір сүру деңгейіне мән береді. Баланың бос уақытын өткізуі, сабақ үлгерімі, тіпті ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлінде зерттейді. Бұның барлығы, құқыққа қарсы іс әрекетке барған баланың қылмыс ортасына қайта оралмауы үшін зерделенеді.
Жазаның кез келген түрінтағайындаукезіндекінәлі тұлғаны қайта тәрбиелеуге баса назараудару керек, өйткені заң шеңберіндегі жауапкершіліктікүшейту қылмыс теориясындағы бірқатар мәселелерді шешуде дәрменсіз. Айта кететін жәйт, елімізде 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Себебі олар өздерінің құқық бұзушылық іс-әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық түсінбейді. Сонымен қатар, қылмыс жасаған баланың заңды өкіліне салынатын айыппұлдың мөлшері сотталушыны қалыпты өмір сүру үшін қажетті материалдық игіліктерден айырмауы керектігі ескеріледі.
Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігінің бір ерекшелігі – олар үшін бас бостандығынан айыру мерзімі он екі жылдан аспауы керек. Бірінші рет бас бостандығынан айыруға сотталған ұл мен қыздар жазасын жалпы режимдегі тәрбие колонияларында өтейді. Бас бостандығынан айыруды өтеген жастар күшейтілген режимдегі тәрбие колонияларына жіберіледі. Бас бостандығынан айыру жазасы ауыр, аса ауыр қылмыстар жасаған кәмелетке толмағандарға сондай-ақ, кейбір жағдайларда ғана ауырлығы аз және орташа қылмыстарға да тағайындалады. Кәмелетке толмағандарға өмір бойына бас бостандығынан айыру және өлім жазасы қолданылмайды.
Ерекше жағдайларда сот он сегіз бен жиырма жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға жеңілдетілген жаза қолдана алады. Мұндай ерекше жағдайларға психикалық, интеллектуалдық және психикалық дамудың ерекшеліктері, жетілу дәрежесі, жасөспірімдердің қылмыс жасау себептері сеп болады.Дегенмен әділ шешім шығару үшін судья сот-психологиялық, сот-психиатриялық және басқа да сараптама түрлерін тағайындауға құқылы.
Сот тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, ауырлығы аз немесе орташа қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған баланы жазадан босата алады. Бұл жағдайда қылмыстық жауапкершілік сотталмау фактісімен аяқталады және жаза тағайындалмайды. Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмаған баланы мамандандырылған білім беру немесе емдеу-тәрбие мекемесіне орналастыру барысында, мұндай мекемелерде болу мерзімі жасалған қылмыс үшін көзделген ең жоғары жаза мерзімінен аспайды.
Кәмелеткетолмағандардыңістеріжөніндегімамандандырылғанауданаралықсоттардың басты мақсаты «Отбасының тұтастығын сақтап қалу».Сондықтанда, кәмелетке толмаған тұлға қылмыс істегеннен кейін бірден бас бостандығынан шектелмейді. Бірінші кезекте оларға заңмен көзделген негізде мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағанның бос уақытын шектеу белгілерін қолдану арқылы оларды қайта тәрбиелеуге болады. Мысалы, баланың белгілі бір орындарға баруына тыйым салу,тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерде болуды шектеу, мамандандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге шығуын шектеу шаралары заңмен көзделген. Себебі, бұл шаралар кәмелетке толмағандарға алдымен зиянсыз және олардың қадір қасиетін төмендетпейді. Егер, кәмелетке толмағандарға жасалатын тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шарасын бұзған немесе орындамаған жағдайда бұл шараның күші жойылып, материалдар бұрын жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберіледі.
ҚР ҚК 81-бабында, кәмелеткетолмағандарғатағайындалатынжазаның 6 түрі көрсетілген. Заңмен белгіленген жауаптылық негізінде жазаның басы белгiлiбiрқызметпенайналысуқұқығынанайыру болса, ең соңғы шешімі баланы қоғамнан оқшаулау яғни, бас бостандығынан айыру болып табылады.
Статистикаға көз жүгіртсек, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2022 жылдың 12 айында 29 қылмыстық іс 39 адамға қатысты қаралды. Үкім шығару арқылы 17 іс 23 адамға қатысты, оның ішінде 15-сі кәмелетке толмаған. Тағайындалған жазаларға тоқталар болсақ, 2022 жылы шартты түрде бас бостандығынан 3 адам, бас бостандығынан 2 адам айырылды, 17 адам бас бостандығынан шектелді, оның ішінде 10-ы кәмелетке толмағандар.
Бас бостандығынан шектеу тағайындалған қылмыстық іске тоқталсақ,кәмелетке толмаған сотталушыС. үйдің алдына келіп, кәмелетке толмаған жәбірленуші К. ұялы телефонына қоңырау шалып, көшегешығарып алып, өзімен бірге алып шыққан жиналмалы пышағымен жәбірленуші кәмелетке толмаған К. кіндік аймағы мен оң жақ санынан бір мәрте сұғып алып, жәбірленушіге ауыр дене жарақатын салып, оқиға жерден бой тасалаған.Жәбірленуші К. басты сот талқылауында сотталушы С. кешірім беретінін, өзара татуласқанын көрсеткен.
Алайда, сотталушы мен жәбірленуші татуласқанымен сотталушыға ҚК-нің 68-бабының талабы қолдануға жатпайды. Себебі, сотталушы С. қылмыстық әрекетінен жәбірленуші К. денсаулығына ауыр зиян келген.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған «Бала құқықтары туралы» Конвенцияның 37-бабының «ә»-тармақшасына сәйкес ешбір баланың бас бостандығынан заңсыз немесе еріксіз айырмалуын қамтамасыз етеді. Қамауға алу, ұстау немесе түрмеге жабу заңға сәйкес жүргізіледі және соңғы шара ретінде ғана, неғұрлым тиісті қысқа мерзім ішінде қолданылуды қамтамасыз етеді деп көрсетілген.
Сот сотталушы К. жаза тағайындау барысында жәбірленуші К. бұрын соталушы К. ұрып-соққандығын ескеруге жатады деп санады.
Сотталушы С. осындай ауыр қылмыс жасауына жәбірленуші К. бұрын жасаған іс-әрекеті себеп болған деп көрсеткен.
Сот, жазаның түрі мен мөлшерін тағайындағанда сотталушы С. қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілігін, кәмелетке толмағанын, әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ оны түзеу және оның тарапынан жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатына жеткілікті және негізді деп, сотталушының бұрын сотты болмағанын, қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, кінәсін толығымен мойындап шын ниетпен өкінгенін, оны қоғамнан оқшауламай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауға толық негіз бар деп сот есептеді.
ҚК-нің 55 бабының 2-бөлігінде жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің:
1) қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде – жартысынан;
2) ауыр қылмыс жасаған кезде – үштен екiсiнен;
3) аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшiнен асыруға болмайтыны көрсетілген. Сотталушыға жаза тағайындау барысында ҚК-нің 55 бабының 2-бөлігінің талаптары қолданылуға жатады.
ҚК-нің 81 бабының 6-бөлігіне сай кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу жазасы екі жыл мерзімге тағайындалатыны бекітілген.Сондықтан сотталушы С.тағайындалатын бас бостандығын шектеу жазасы бір жыл төрт айдан аспауы керек.
2022 жылғы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106 бабының
1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. ҚК-нің 44-бабына сәйкес сотталушы С. 1 жылға пробациялық бақылау белгіленіп, сотталушыға мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұрғылықты жерін ауыстырмау, ойын сауық орындарына бармау, сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ға дейін тұрғылықты жерінен шықпау, уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатынсыз өзі тұратын ауданнан басқа жерлерге бармау міндеті жүктелді. Сотталушы С. пробациялық бақылау белгіленген мерзімі ішіндегі жүріс тұрысы мен мінез құлқына бақылау жүргізу Қызылорда облысы, Арал аудандық пробация қызметіне жүктелді.
Сотталушы С. ҚР ҚК-нің 44-бабының 3-бөлігіне сай тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасын қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығынан шектеудің өтелмеген мерзімі дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатыны бойынша түсіндірілме жүргізілді.
Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар мен құқықтық актілер еліміздің Конституциясына қайшы келмеуі керек екендігін тайға таңба басқандай атап өтуіміз қажет. Азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары әр адамға туғаннан бастап тиесілі. Конституциямыздың негізінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тек конституциялық құрылыстың негіздерін, адамгершілікті, денсаулықты, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғана шектеуге мүмкіндік береді.
Расында кәмелетке толмағандардың қылмысы қазіргі кездегі ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып табылады, өйткені ол жас ұрпақтың физикалық және рухани болмысына теріс әсер етеді және осылайша қоғамның дамуын тежейді. Әлемнің кейбір елдерінде кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот ісін жүргізудің әртүрлі баламалы әдістері ұсынылады. Ал елімізде кәмелетке толмағандарға қатыстықылмыстықмәселелер өз шешімін толық таппаған. Алайда, кәмелетке толмағандарға қатысты мамандандырылған соттардың құрылуы мен қызметі жоғарыда аталған мәселенің толық шешілгендігін білдіреді. Жасөспірімдердің қылмысы бұл үлкен институт. Сондықтан да кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі білікті заңгерлердің егжей-тегжейлі арнайы зерттеуінің тақырыбы болып табылуы тиіс. Қылмыстық жазаны тағайындаудың басты мәні – кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды түзету және қайта тәрбиелеу. Алайда, олардың болашақта қандай жолды таңдайтынын ешкім нақты айта алмайды. Сондықтанда біз олардың болашағына сеніммен қарауымыз қажет. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеу органдарының құзырындағы ғана мәселе емес, сол үшін бүкіл жұртшылықпен белсенді алдын алу қызметін жүргізу мәселесін бірінші орынға қоюға ықпал етуіміз қажет.
А.САБЫРОВ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы