Үкіметте Азия даму банкімен және Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді.

Азия даму банкі мен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдерінің және орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Ақтөбе-Мақат және Алматы-Қорғас автожолдарын күрделі жөндеу, ирригациялық және су бұру жүйелерін жаңғырту мәселелері, сондай-ақ әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасының ипотекалық несие беру шарттары қарастырылды.

Сонымен қатар отырыс барысында халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру сапасын арттыру жөніндегі шаралар талқыланды.

БӨЛІСУ