2023 жылғы 2 маусымда сағат 15-тен 15 минут өткенде Қамбашкөлде жағалауға жете алмаған адамдарды Қызылорда облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары құтқарды. Жедел құтқару жасағының мамандары көл маңында рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында оқиғаны байқап қалған. Құтқарылған азаматтар Мәскеу қаласының тұрғындары екен. Ерлі-зайыпты Ивановтар өздерін құтқарған құтқарушыларға алғыс білдірді.
Олар суға шомылу кезінде ағаш қайықтан аударылып, жағалауға жете алмай қалыпты. Қазіргі таңда олардың жағдайлары қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.
Қызылорда облысы ТЖД