Қызылордалық полицейлер балаларға ұмытылмас мереке сыйлады.

1 маусым – Халықаралық балаларды корғау күні! Қазақстан үшін ана мен бала жағдайы ешқашан көңілден тысқары қалған емес. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев “Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы- біздің жалпыұлттық міндетіміз” – деп атап өткен болатын. Расында, еліміздің келешегі – бүгінгі жас ұрпақ. Балаларымыздың әрбір сәтін бақытқа кенелту үшін оларға жылылық пен мейірім шуағын аямауыз қажет. Осы орайда, қызылордалық полицейлер Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізді. Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында арнайы ұйымдастырылған. Мерекелік шара барысында балалар Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің құралдарымен жəне техникаларымен жақынырақ танысты. Аты айтып тұрғандай, бұлар – ерекше мақсаттағы арнайы жасақ. Төтеден келген оқыс оқиғаларда тосыннан жедел той­­тарыс беріп, бейбіт күндегі тыныштығымызды күзетіп жүрген азаматтар. Арыстандай айбатты, қырандайын қайратты арнайы жасақ қызметкерлері
кәсіпқойлығы да, жасанып жарақтануының да жоғары деңгейде екендігін көрсетті. Бұдан бөлек, балаларға арналған бүгінгі мерекелік шара барысында “Біз сенің балаларыңбыз Қазақстан” тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Балалар тақырып бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін
қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру, полиция қызметкерлерінің ерліктерін насихаттау мақсатында өткізілген байқау жоғары деңгейде өтті. Арнайы құрылған комиссия мүшелері балалардың салған суреттеріне баға беріп, жеңімпаздарды анықтап, марапаттады. Сондай – ақ, балалардың көңілін көтеру үшін арнайы шақыртылған аниматорлар өнер көрсетіп, қызықты ойындар ойнатты. Тəртіп сақшыларымен арнайы балалар үшін ұйымдастырылған бүгінгі мерекелік шара барысында балалар полиция қызметкерлерімен әңгімелесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Естелікке сурет, видеоға түсті. Іс-шара соңында барлық балаларға тәтті сусындар мен балмұздақ таратылып берілді. Өз кезегінде Департамент басшылығы балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мейрам қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараның маңызын атап өтіп, ата-аналар мен балаларды құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Қызықты әсерге бөленген балалар өздерінің қиялындағы суреттерді асфальтқа таңбалап, естелік сыйлықтарын алып, жоғары көңіл күйде тарасты. Өткізілген іс-шара балалардың естерінде ұзақ қалатыны сөзсіз.

БӨЛІСУ