Қызылорда қалалық сотында сот мамандары арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында семинар өтті. Іс-шараға қалалық сот әкімшісі басшысы және сот қызметкерлері  қатысты.

Семинарда бас маман- сот отырысының хатшысы Г.Берденова баяндама жасады. Баяндамасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның негізгі бағыттарына назар аударды. Аталған заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғандығын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылатындығын айтты.

Сот әкімшісі басшысы Н.Дүйсенова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр адамның міндеті мен борышы екендігін, сыбайлас жемқорлықтың біздің мемлекетіміз бен демократиямызға нұқсан келтіретіндігін, сондықтан, кез келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керектігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуы қажеттігін, әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс-әрекеттері үшін жауапты емес, сондай-ақ тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты екендігін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуы ұдайы бақылауда ұстау қажетігін екендігін айтты.

Семинар жұмысын қорытындылаған Н.Дуйсенова сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру ол әрбіріміздің міндетіміз екендігін, сондықтан қандай жағдай болмасын оған қарсы тұру керектігін қатаң ескертті.

БӨЛІСУ