Бүгін Алматыда «Аңсаған сәби» мүсінінің және «New Generation Clinic» халықаралық репродукция орталығының ашылу салтанаты өтеді.

2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Аңсаған сәби» ұлттық жобасына бастамашылық жасағанынын естеріңізге сала кетейік. Осы бағдарлама бойынша жыл сайын экстракорпоралдық ұрықтандыруды (ЭКҰ) жүргізуге 7 мың квота бөлінеді, соның арқасында республикада 3 000-нан астам бала дүниеге келді.

Қазақстанда әрбір алтыншы отбасылық жұп бедеу екенін және бедеулік бойынша ресми статистика өсіп келе жатқанын ескере отырып, біздің мақсатымыз – репродуктивтік медицина саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды қолдау мен дамытудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аудару.

Елімізде репродуктивтік технологияларды жоғары деңгейде дамыту Қазақстандағы ЭКҰ негізін қалаушы Салтанат Байқошкарованың альтруизмі, сенімі мен идеясына берілгендігінің арқасында мүмкін болды. 1995 жылы 18 сәуірде ол «Экомед» атты шағын зертхана құрды, онда ЭКҰ әдісінің арқасында алғашқы қазақстандық қыз дүниеге келді.

«Аңсаған сәби» бағдарламасының шеңберінде «Экомед» клиникалар тобында үш жылдың ішінде 6534 әйел жоғары технологиялық көмек алып, 2500 мыңға жуық бала туды.

Жинақталған тәжірибені, сондай-ақ дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, жоғары сервисі мен емдеу нәтижелері бар «New Generation Clinic» (NGC) жаңа буынның халықаралық репродукция орталығы құрылды.

Клиникада жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, зертханалар әлемдік стандарттарға сәйкес жаңа жабдықтармен жабдықталған, әйелдер мен ерлер бедеулігін емдеуде ЭКҰ-ның барлық озық технологиялары енгізілген, бұл халықаралық көрсеткіштер деңгейінде жүргізілетін емдеудің жоғары нәтижелілігін қамтамасыз етеді.

Клиникаға кіре берісте Қазақстан халқының репродуктивтік денсаулығын жақсартуға бағытталған президенттік бағдарламаның құрметіне құрылған «Аңсаған сәби» мүсіні тұрғызылды.

Идея бойынша ол репродуктивтік медицина саласындағы қажырлы еңбек пен жетістіктерді білдіреді. Бұл ана алақанының нәресте композициясы репродуктивтік денсаулық саласындағы ғылыми жаңалықтар мен инновациялардың маңыздылығын білдіреді.

Сыр өңірінде «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғалы 800-ге жуық жанға квота берілді. Ал биыл облыста аталған бағдарламаның көмегімен 161 жүктілік тіркеліп, 42 нәзік жанды сәбилі болды. Жалпы 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін балалы болуға ниетті 462 отбасы арнайы тізімде кезекте тұр.
««Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасының басты мақсаты – қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен отбасылық-демографиялық мәселелерді шешуге жәрдемдесу. Жалпы бұл бағдарлама 2021 жылдан бастап елімізде жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында көптен бері сәби күтіп жүрген жанұялар балалы болды. Біздің аймақта да аталған бағдарламаның көмегімен нәрестелі болып жатқан отбасылар аз емес. Нақтырақ айтқанда, 2021 жылы облыста 281 квота бөлініп, былтырғы жылдың қараша айына дейін толық игерілді. Нәтижесінде 119 бала экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы дүниеге келіп, үш отбасында егіз сәбилер туылды. Ал былтыр «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 277 квота бөлініп, оның орындалу көрсеткіші 100 пайызды құрады. Сонымен қатар жыл басынан бері 161 жүктілік есепке алынды. Олардың ішінде 42 әйел ана бақытына ие болса, 45 әйел жүктілікке байланысты есепке алынып, олар дәрігерлер бақылауында. Айта кетейін, «Аңсаған сәби» бағдарламасы шеңберінде жүргізілген ЭКҰ циклдеріне мониторинг жүргізу, пациенттердің құжаттарын қабылдау және құрылған комиссияға ұсыну жұмыстары басқарма тарапынан жүргізіледі», – деді басқарма басшысының орынбасары Мая Миранбайқызы.

БӨЛІСУ