Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамындағы белгілі ғалым, зерттеуші және сарапшылармен кездесті.

Мемлекеттік комиссия мұрағат материалдарын жинау, талдау және жіктеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді, ғылыми және іздестіру жұмыстарын да атқарады. Сондай-ақ 20-шы ғасырдың 20-50-ші жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихына байланысты жинақтарды дайындаумен және басып шығарумен айналысады.

Қазіргі таңда Мемлекеттік комиссия бастамасымен «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары» сериясымен 31 материалдар жинағы жарық көрді. Оның ішінде 29 құжаттар жинағы және 2 монография бар. Жинақтарға материалдар жинау жұмыстарына еліміздің барлық өңірлерінен 265 ғалым қатысты.

Кездесу аясында ғалым, зерттеуші және сарапшыларды «Мемлекеттік комиссия жұмысына белсенді қатысқаны және архив материалдарын іздеу, анықтау және талдау процесінде жемісті жұмыс жасағаны үшін» ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.

БӨЛІСУ