Кез келген бала ойын-сауық орталығына барып, көңіл көтергісі келетіні жасырын емес. Балалар ойын-сауық пен аттракциондарды жақсы көреді. 1 маусым -балаларды қорғау күніне орай «AMANAT» партиясы Теміржол филиалына қарасты «Магистральдық желі бөлімшесі» бастауыш партия ұйымы «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында қаламызда орналасқан «Пумбо» ойын-сауық орталығында көп балалы және әлеуметтіке аз қамтамасыз етілген теміржолшы отбасылардың балаларына демалыс ұйымдастырды.

Бұл шара балаларды қорғау күніне арналып отыр. 7-12 жас аралығындағы 40-қа жуық теміржолшылардың балалары қатысуда. Бұл әріптестердің балаларына қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылып отырғандықтан қаладан тыс станса мен разъездерде тұрып жұмыс істейтін теміржолшылардың 10 баласына оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды да назардан тыс қалдырмай қаржылай көмек бердік» – дейді «Магистральдық желі бөлімшесі» бастауыш ұйым төрағасы, қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ибраким Басықараев.

Тәжірибелі аниматорлар балаларға әр түрлі конкурстар мен шоу ұйымдастырды. Балаларға ұйымдастырылған отбасылық демалыс әрбіріне жағымды эмоция және ұмытылмас әсер қалдыруда. Ата–аналарда дән риза.

Балалар алған сый сияпаттарына қуанышты екендерін жасыра алмай тұр. Балалар бақыты аманат. Бүгінгі өтіп жатқан «АМАНАТ» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы өте орынды деп санаймын. Мен көп балалы анамын. Бүгін мекемеміздегі жұмыс жасап жатқан қызметкерлердің баларының басын қосып, оларға жақсы жағдай жасалып, көңіл бөліп, жан-жақты қолдап жатыр. Біздей ата-аналарға ең қажеттісі де осы. Жақсы, жүректен шыққан жылы сөз кімге болса артықтық етпейді. Мекеме басшылықтарының партиялық жоба аясында балаларға көңіл бөліп, қолдап жатқандығы біздерге де қуат бергендей. Ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ»,- дейді көп балалы ана Мөлдір Ақышева.

БӨЛІСУ