Қазақстанның Жоғарғы Соты және АХҚО соты: ынтымақтастық аясындағы кездесу

Жоғарғы Соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев АХҚО сотының төрағасы Лорд Манспен жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, Жоғарғы Соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және АХҚО сотының тіркеушісі Кристофер Кэмпбэлл-Холт қатысты.

Өз сөзінде А.Мерғалиев Қазақстанның сот жүйесі және АХҚО соты мен ХТО арасындағы ынтымақтастық деңгейін, Меморандум шеңберіндегі бірлескен жұмысты атап өтті. Сот төрелігін іске асырудың жалпы стандарттарын ілгерілетуде Қазақстан соттарынан АХҚО және ХТО сотына дауларды беру мүмкіндігі туралы бизнес және заң қоғамдастықтары өкілдеріне өңірлік кездесулер, түсіндірулер мен вебинарлар маңызды екені аталды.

Сондай-ақ Спикер істерді қарау мерзімдерін үйлестіру және құжаттарды аудару шығындарын азайту АХҚО мен ХТО сотына өтініштер санының өсуіне ықпал ететінін атап өтті.

Өз кезегінде Л.Манс пен К. Холт өтініштер мен талап қоюлар санының ұлғаюы туралы: АХҚО сотының 2 мыңнан астам істі қарағанына, сондай-ақ заңгер-бизнес өкілдерінің біліктілігін арттыру ұйымдастырылғанына тоқталды.

Іс-шара қонақтары Әзербайжан, Армения, Грузия, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркия әріптестері арасында АХҚО сотына қолдау көрсеткені үшін Жоғарғы Сотқа ризашылықтарын білдірді, ол жерлерде де осындай кездесулер өткен, бұл инвесторлар мен бизнесмендердің назарын аудартты.

Қорытындылай келе, тараптар мұндай өзара іс-қимыл елдегі жаңа құқықтық институттардың дамуына және АХҚО сот органдарының қызметін кеңейтуге қызмет ететініне сенім білдірді.

БӨЛІСУ