Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы Баймұратова Жібек Орынбайқызы “Шиелі ауданы бойынша 2022–2023 оқу жылының аяқталуы және жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстары” бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Шиелі ауданы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2022–2023 оқу жылының аяқталуы, мектеп бітіруші оқушылардың аралық және қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары қазіргі уақытта жүргізілуде.

-2022-2023 оқу жылы бөлімге қарасты 40 мектепте 1-11 сынып аралығындағы 976 сынып топтамасында 18730 оқушымен басталған. Өткен оқу жылымен салыстыра қарағанда оқушы саны аудан бойынша 102 оқушыға азайып, сынып топтамасы 15 бірлікке артқан. Оның ішінде кент мектептері бойынша барлық сыныптар бойынша 75 оқушыға көбейсе, ауыл мектептері бойынша 178 оқушыға кеміген. Басты себептері; ауылдық жердегі елді-мекендердегі көші-қонның теріс динамикасы және былтырғы жылы кент орталығында ашылған жеке мектептерге оқушылардың тартылуы.
2021-2022 оқу жылында «Самғау скулл» жеке мектебіне, 1-4 сынып аралғында 76 оқушы тартылса, 202-2023 оқу жылы басында «Самғау скулл» жеке мектебіне-38 оқушы, Зияткер жеке мектебіне – 146 оқушы тартылған.
ІІІ тоқсан қорытындысымен аудан бойынша білім сапасы 59,1 пайыз, үлгірім сапасы 100 пайызды көрсетті. Үздік оқушы саны – 3478, жалпы оқушылардың 18,73 пайызы болса, жақсы оқитын оқушы саны – 5959, жалпы оқушы санының 32,1 пайызын құрады. Үлгірмейтін оқушы жоқ. ІІ тоқсан қорытындысымен мектептердегі білім сапасы салыстырмалы түрде мектептер бойынша ең төменгі көрсеткіш; №158 мектепте – 49%, №141 мектепте – 50%, жоғарғы көрсеткіштер; №84 мектепте – 77% №45 мектеп-гимназияда 66,33% болды,-деді Ж.Баймұратова

Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің 2023 жылғы 24 сәуірде №34 санды «2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығы шығарылып, барлық білім беру ұйымдарына жолданған.
Ағымдағы оқу жылында оқу жылын аяқтау 31 мамырға белгіленіп, аудан мектептерінің 9 сыныбын 1750 оқушы, 11 сыныпта 959 оқушы бітіргелі отыр. 9 сыныптар бойынша қорытынды бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында өткізілу жоспарлануда.

Балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және ұйымдастыру «2020-2023 жылдардағы жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы №1-ө өкіміне сәйкес, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі №31 бұйрығы шығарылып, «Шиелі ауданында жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» іс-шаралар жоспары бекітілді.

Үстіміздегі жылы 1-10 сынып аралығында 17 893 бала жазғы демалыспен және саяхатпен олардың 92%-ы қамтылады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, ата-аналар есебінен 100 бала, ауыл, кент әкімдерінің ұйымдастыруымен 130 бала, мәслихат депутаттары есебінен 50 бала, мекемелер демеушілігімен, салалық кәсіподақтар тарапынан 250 бала, басқа да көздерден 303 бала, жалпы 833 бала жазғы кезеңде демалады деп жоспарланып отыр.
Мектеп жанынан тамақсыз ұйымдастырылатын 38 лагерьге 3788 бала, 11 мектепте бір мезгіл тамақпен ұйымдастырылатын мектеп жанындағы лагерлерде 910 бала демалдыру жоспарланды.

Жазғы каникул кезінде аудандық Оқушылар үйінде «3D-модельдеу», «Робототехника» және цифрлық зертханада арнайы «Жайдарлы жаз-2023» атты бағдарлама бойынша үйірмелер жұмыс жасайды және онда 1000 бала қамтылады.

Қазіргі таңда лагерь балаларына тамақтандыруды ұйымдастыру сапасына мониторинг жүргізу жөнінде аудандық білім бөлімі, Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы және аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен ведомстрвоаралық комиссия құру жұмыстары жүргізілуде.
Үстіміздегі жылдың 12 мамыры күні «Жазғы мезгілде балалардың қауіпсіздігін сақтау және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында тиісті сала мамандарын қатыстыра отырып аудандық семинар өткізілді. Оған қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық полиция бөлімі ювеналды полиция тобының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сыртқы және мектеп жанындағы ұйымдастырылатын лагерге жауапты мамандар қатыстырылды.

БӨЛІСУ