Қызылорда қаласындағы Ә.Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейі «Жасыл мектеп» жобасының тірек мектебі ретінде Ресей Федерациясының Томск политехникалық университетімен халықаралық ынтамақтастықты орнатты.

Ресей Федерациясынан арнайы келген Томск политехникалық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы, эколог-ғалым Барановская Наталья Владимировна білім ордасындағы «Жасыл мектеп» жұмысымен танысты. Сондай-ақ, оқушылар аталмыш жоба аясында жүзеге асырып жатырған эко-өнімдері мен жаңа үлгідегі модификацияланған жылыжайдағы жұмыстарын көрсетті.

Эколог-ғалым Наталья Владимировна экологиялық білім берумен қатар оқушылардың қатысуымен еңбек алаңдарын ашылуы, ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін дамуы, ерте кәсіптік бағдар берілуін «Жасыл мектептің» басым бағыттары екендігін атап өтті. Сондай-ақ, екі жақтық ынтымақтастық аясында Томск политехникалық университетінің ғалымдарының жетекшілігімен мектеппен бірге ғылыми зерттеу жұмыстары дайындау жоспарланатындығын айтты.

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

БӨЛІСУ