Қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Комиссияның күн тәртібінде 6 мәселе қаралып, кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының
ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарып, олардың құқықтарын теріс пайдалануына байланысты ата-аналық құқықтарын шектеу, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына жолдау, баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Комиссия төрағасы Жанмұрат Жақсымұратұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың пікірлері ескеріліп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.