Қылмыстық атқару саласы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД – ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде «Отбасы- үлкен бақыт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға « Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров, мекеменің этномәдени бірлестіктерімен жұмыс жасау және қоғамдық шараларды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Мұхтар Ибраев пен Қоғамдық жаңғырту бөлімінің аға сарапшысы Нұргүл Дүйсебаева арнайы қатысты.
Алғаш болып сөз алған Дәулет Омаров алдымен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстар жайлы ақпарат беріп, мемлекетіміздегі отбасы саясаты мен отбасы құндылықтарын арттыруда Халықаралық отбасы күнінің артықшылықтары жайлы қысқаша айтып жеткізді.
– Еліміздегі этникааралық төзімділікті және конфессияаралық келісімді қалыптастыруда отбасы басты рөл атқарады. Мемлекетіміздің негізі – берік отбасы. Жыл сайын бүкіл әлемде 15 мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. 1993 жылдан БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген бұл күнді белгілеу – әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр. Бұл кез-келген мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін қазіргі қоғамдағы негізгі іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын көрсетеді. Отанға адал қызмет ету отбасынан басталады. Ал берік отбасы- мемлекетіміздің тірегі екені анық.
№68 мемлекеттік мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет капитаны М.Тұрымбетовтың айтуы бойынша:
-Қоғамдағы ҚАЖ қызметкерінің имидждік сипаты оның жеке тұлғалық моральдік қасиетімен артық. Сондықтанда, жеке құрамның арасында, жұмыстарының қауырттығына қарамастан, отбасы жарасымдылығына көңіл бөліп, отбасы беріктігіне аса мән беріп, үлкенге ізет көрсету мен көп балалы болуды құрметтеу дәстүрі сақталған. Барлық жеке құрам мүшелері ішкі істер қызметкерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді пайдаланады. Бұл олардың отбасындағы материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсартады.