Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі мен Төтенше жағдайлар басқармасы «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында мектеп басшылары мен тәрбие орынбасарларына семинар өткізді.
Семинарға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы подполковник Жасұлан Түйменов қатысты.
Семинарда су айдындарындағы қауіпсіздік, балалардың қауіпсіздігі, ата-аналармен және тиісті сала мамандарымен бірлесіп атқаратын жұмыстар туралы түсіндірілді.
Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы подполковник Жасұлан Түйменов жаз мезгілінде балаларды үлкендердің қарауынсыз өзенге, каналға жібермеу, балаларға су айдынындағы қауіпсіздік ережелерін үйрету қажеттілігі, балаларды қауіпті жағдайлардан қорғау жөнінде айтты.
– Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ұжымының атынан Сіздерден, барлық оқытушыларға күнделікті мектеп оқушыларына белгіленбеген аймақтарда суға шомылуға болмайтындығы жөнінде және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау туралы үнемі сабақ өткізуді және оқытушылар, WhatsАрр немесе Instagramm әлеуметтік желілері арқылы оқушылардың ата-аналарымен тікелей байланыс ұстап балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндіру бойынша тапсырма берулеріңізді сұраймыз, – деді Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы.
Сондай-ақ «Суға шомылу ережелері» бұрышы ұйымдастырылып, құтқару ережесі мен алғашқы дәрігерлік көмек беру тәртібі туралы Жедел құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығының мамандарының қатысуымен де түсіндірме жұмыстары жүргізілді.