Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сырдария ауданының тұрғындарын жеке қабылдады.
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде аудан тұрғындарымен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге азаматтарды қабылдады.
Өз кезегінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы да аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.
Тұрғындардың түрлi мәселелеріне, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында Махсудхан Нұғманұлы әрбір тұрғынның мәселесімен жіті танысып, заң аясында тұшымды жауаптары мен кеңестерін берді. Жалпы, бүгінгі жеке қабылдауға ауданның 11 тұрғыны келді. Азаматтар Полиция департаментінің бастығына түрлі мәселелер бойынша жүгінді. Оның ішінде, мал ұрлығы, кадр сұрақтары, шетел автокөліктерін заңдастыру мәселелері де бар.
Қабылдау барысында түскен барлық мәселелерді департамент бастығы бақылауға алды, олардың басым бөлігі кездесу барысында шешілді.
Сонан соң, Департамент бастығы аудандық полиция бөлімінде болып, жұмыс барысымен танысты. Полиция бөлімінің негізгі қызметін бақылаумен қатар, қызметкерлермен жеке кездесіп, өзекті мәселелерін талқылады.
Махсудхан Нұғманұлы полицияның жұмысын жақсарту, ішкі істер органдарын цифрландыру, полицияны халыққа жақындату, халықтың сенім деңгейін арттыру, полиция қызметін жетілдіру бағытындағы шаралар жөнінде сөз қозғады. Алдағы уақытта бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша нақты шараларды белгіледі.

БӨЛІСУ