Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері, сондай-ақ «Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту мәселелір бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы аясында «Алқабилер институтын кеңейту – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, судьялары, қылмыстық істерді қарайтын соттардың төрағалары мен судьялары, Билер кеңесінің төрағасы, мүшелері, сот ардагерлері қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қызылорда облысы әкімдігінің, прокуратураның, полиция департаментінің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ басшысы, адвокаттар мен заң кеңесшілері қатысты.
Дөңгелек үстелді қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Сақыбайұлы Бекжанов ашып, қазіргі таңда алқабилердің қатысуымен қылмыстық істердің санаты ұлғайғанын, алдағы уақытта қазіргіден де көбейетінін, алқабилер соты еліміздің сот жүйесін әрі қарай жетідлдіретінін, сондықтан бүгінгі басқосудың маңызы ерекше екенін айта келе күн тәртібі бойынша алғаш болып баяндама жасау үшін, облыстық Билер кеңесінің, соттармен өзара іс қимыл жөніндегі кеңес мүшесі Болатбек Жүсіпбекұлы Пұсырмановқа сөз берді.
Б.Пұсырманов алқабилердің соты – қазақ елінің салт-дәстүрі, ғұрыптық ережелер жолымен құқықтық жүйені енгізген билер сотының жалғасы екенін, бұрын билер дау шешкен кезеңде алқалы түрде қарағынын, сондықтан қылмыстық істерді азаматтардың алқалы қарауы маңызды екенін жеткізді.
Келесі болып Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мейрамбек Шамауұлы Ибрашев жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейтуде алқабилер институтының маңыздылығын айта келе, соңғы өзгерістерге тоқталды. Атап айтқанда биылдан бастап алқабилердің қатысуымен қарайтын істердің ауқымы кеңіп, жалпы алғанда 32 санат бойынша қаралуда, келер жылдан бастап олардың саны он үшке көбейеді деді. Сонымен қатар М.Ибрашев тәжірибеде кездесетін алқабилердің тізіміндегі азаматтарды сотқа шақыру сынды бірқатар қиындықтар туралы да айтты.
Алқабилер сотының қылмыстық процестегі жарыспалық пен тараптардың теңдігі, кінәсіздік презумпциясын бекітудегі маңызды рөлі бойынша облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Тоқтар Қомбайұлы Мырзамбетов баяндама жасап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, алқабилердің қатысуымен қаралатын істердегі процестік кедергілерге тоқталып, өз тарапынан оны шешу жөніндегі ұсыныстарын келтірді.
Дөңгелек үстелде доғарыстағы судья, сот ардагерлері кеңесінің мүшесі Мырзамұрат Имандосов «Алқабилер сотының қоғамның құқықтық деңгейі мен мәдениетін, сотқа деген ел сенімін арттырудағы ықпалы» тақырыбында сөз қозғап, құқықтық мемлекетте алқабилер сотының маңызды екенін, себебі бұл үрдіс дамығын елдерде кеңінен тарағанын, біздің Заң болғанымен алқабимен қаралатын істердің аз екеніне тоқталып, бірлесіп насихат жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның айыпталушыға істі алқабилер қатысуымен қарау туралы өтінішхат беру құқығын түсіндіру мәселесі» тақырыбында облыстық полиция департаментінің тергеу бөлімінің бастығының орынбасары Мұхтарұлы Асхат баяндама жасап, сотқа дейінгі тергеу барысында айыпталуға әрқашан да істі алқабидің қатысумен қарауға мүмкіндігі бар екенін ескертілетінін, бұл бойынша ішкі істер органдары тарапынан жұмыстар жасалынып жататынын атап өтті.
Тақырып аясында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ басшысы Аида Ибдрагимқызы Абибуллаева мен Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Бахыт Нұрланұлы Жанәлі алқабилер институтын дамытудың маңыздылығын айта келе, алқабилер тізімін жасақтап, ұсынуда қалыптасқан тәжірибеге сай жұмыс атқаратындықтарын айтты.
Ал, облыс прокурорының аға көмекшісі Сая Темірбекқызы Темірбекова аталған тақырып төңірегінде аймақтағы барлық мемлекеттік органдар құқықтық насихатты жан-жақты жүргізсе деген ұсынысын білдірді.
Баяндамалардан соң тақырыптар бойынша қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, барлығы құқықтық-насихат жұмыстарын жандандыру барысында бірлісіп жұмыс атқару туралы шешім қабылдады.