Бүгін М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейде Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев қонақта болды. Сонымен қатар, облыстық жас математиктер олимпиадасына қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жас математиктердің кәсіби дағдылары мен шығармашылық әлеуетін дамыту, мектеп оқушыларының білім сапасы мен математикалық дайындық деңгейін арттыруды мақсат еткен білім бәсекесіне облыс бойынша 120 мұғалім қатысуда.
Байқауға қатысушылармен кездесуге және облыстағы «ІТ-Математика» жобасының жұмыстармен танысу үшін бүгін арнайы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА академигі Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев қатысып, оң бағасын берді.
Жиын барысында қатысушыларға «ІТ-Математика» облыстық жобасы аясында мектеп оқушыларының шығармашылық көрмесі, мектеп мұғалімдерінің математика пәнін тереңдетіп оқыту және ІТ-технологиялар көмегімен оқыту бағыттары бойынша жасалып жатқан жұмыстары, университет ғалымдарымен бірлесіп дайындалған авторлық әзірлемелер мен оқушылардың ғылыми жобалары, математика пәнін оқытуда пайдаланып жатқан цифрлық білім беру ресурстары таныстырылды.
Кездесу барысында Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы Асқар Серқұлұлына құрмет көрсетіп, шапаң жапты.
Сонымен қатар қатысушылар мен қонақтар мектептегі Асқар Жұмаділдаев атындағы арнайы кабинет, алгебра, геометрия, ІТ-математика және т.б. тереңдетіп оқытуға арналған бейінді кабинеттерді камтитын блок жоспары мен дайындығын тамашалады.

БӨЛІСУ