Бүгін Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, Сырдария ауданының құрметті азаматы, Қобландин Сұлтанбек Ибрагимұлын еске алуға арналған Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Шараға Қазақстан Республикасының хоккей Федерациясынан қонақтар, облыстық мәдениет және спорт басқарамасы, республикаға белгілі жаттықтырушылар, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер, аудандық қоғамдық кеңестің өкілдері қатысты. Сырдария ауданының әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы жарысты салтанатты түрде ашып, шараның маңыздылығы мен тоқталып өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының хоккей Федерациясының Президенті Сексенбаев Берікқазы Төлеубекұлы, Қызылорда облыстық Федерациясының Президенті Текетаев Мақсұт Нысанбайұлы жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

Қобландин Сұлтанбектің туыстары атынан апасы Маханова Бибімария ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.Айта кету керек, 15-19 мамыр күндері аралығында өтетін жарысқа 8 команда 200- ге жуық спортшы қатысуда.

БӨЛІСУ