Бүгін Қазалыда 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай « Mahabbat marathon – 2023» атты жұптық марафон жарысы өтті.

Аудандық “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен өткен марафонға Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округтерден 50-ге жуық отбасы қатысып, бақ сынады.

Жұптарға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын ұстанушы азаматтарға алғысын айтты.

Мұнан соң желаяқтар Қ.Пірімов көшесінің бойындағы Спорт кешенінен бастап “Жеңіс” паркіне дейін 2 шақырым қашықтықты артқа тастады. Нәтижесінде мәре сызығына алғашқы келген жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың “Алғыс хаты” табысталып, қаржылай сыйақы берілді.

Одан бөлек, қатысушы 10 жұпқа арнайы сыйлықтар үйлестірілді.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ