Сот әкімшілігінің отырысында соттардың инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.
Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров жергілікті соттардың инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Талқылауға Басшының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов, Сот әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен департаменттерінің басшылары қатысты.
Сот мекемелерінің материалдық базасын қамтамасыз етуді жақсарту шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл барысында бірқатар инвестициялық мемлекеттік жобалар іске асырылды. Соңғы жылдары 30,7 мың шаршы метр пайдалануға берілді. 11 облыстық және аудандық соттар жаңа ғимараттарға орналастырылды.
Екі жыл ішінде (2023-2024 ж.ж.) 43,5 мың шаршы метр құрылысты аяқтау жоспарлануда. Мәселен, Павлодар, Атырау және Семей қалалық соттары, Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық соты және Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты қоныстарын ауыстыруға дайындалуда. Түркістан облыстық соты кең жаңа ғимаратқа көшеді (17,5 мың шаршы метр). Оның ғимаратына қаланың барлық 9 соты орналастырылатын болады.
Маңғыстау облыстық сотының, Ақтөбе қалалық сотының, Батыс Қазақстан облысының Казталов және Бөкейорда аудандық соттарының, Павлодар облысы Шарбақты және Ертіс аудандық соттарының ғимараттары жобада тұр (30 мың шаршы метрден астам).
Өңірлер департаменттерінің басшылары өздері бақылайтын объектілердің құрылыс барысы туралы баяндап, санитарлық және технологиялық нормалардың сақталуы, қауіпсіздік және сот ісін жүргізудің қазіргі заманғы стандарттарына қойылатын талаптар туралы есеп берді.
Н.Ахметзакиров департамент басшыларына мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақтылы жүргізуді, құрылыс, инфрақұрылым және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешуді тапсырды. Сонымен қатар тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуы керек екендігі аталып өтілді