Еңбек министрлігі: 286,2 мыңға жуық адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты.
Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 286,2 мың адам қатысты. 194,7 мың адам жұмысқа орналасты, оның 73,5 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 20 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 18 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 67,4 мың адамды қамтылды, оның ішінде 49,5 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 50,5 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Бірінші лек бойынша 2564 грант берілді.
Ұлттық жобаны әзірлеудегі мақсат – кәсіпкерлік құрылымдарындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту, экономика салаларын әртараптандырудың драйвері ретінде орта бизнеске сүйену, кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдай туындата отырып, бәсекелестікті кешенді дамыту. Үкіметтің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 Қаулысымен бекітілген «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға» әу баста-ақ 8 455 329 919 мың теңге қарастырылған екен. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 1 030 884 427,0 мың, жергілікті бюджеттерден – 124 695 492,0 мың, бюджеттен тыс – 7 299 750 000,0 мың теңге қаражат көзделген екен. Жылдар бойынша алып қарар болсақ, 2021 жылға – 1 272 207 923,3 мың, 2022 жылға – 1 370 367 038,7 мың, 2023 жыла –1 620 056 904,0 мың, 2024 жылға – 1 963 862 120,0 мың, соңғы 2025 жылға 2 228 835 933,0 мың теңге жоспарланған.
Бес жылға арналған жобаның экономикалық тиімділігі Жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) шағын және орта кәсіпкерлік үлесін (ШОК) 35 пайызға дейін жеткізу мақсатын көздейді. ЖІӨ-дегі туризм көлемінің өсуі 8,4 трлн теңгеге жетуі тиіс. Мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 пайызға дейін төмендету межеленген. Ұлттық құжат қорытындысында 995,3 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Оның ішінде тұрақты – 335,1 мың, уақытша – 660,2 мың жұмыс орны болмақ. Жобаның әлеуметтік әсері: 1,7 млн адам тұрақты жұмысқа орналасады, 3,5 млн адам халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылады, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқының үлесі 6,5 пайызға азаяды деп күтіліп отыр. Бұл жобаның ішіне бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі «Бизнестің Жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы да кіріктірілген.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы тапсырмаларын орын-дау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі оңтүстік және батыс өңірлердегі ШОБ субъектілерін жеңілдікпен несиелеудің жекелеген механизмін жасап шығарды. Мәселен, несиенің құнын арзандату үшін сыйақы мөлшерлемесі 5 пайыз болатын жеңілдетілген несие енгізілді, өңдеу өнеркәсібінің басым салаларындағы несиеге кепіл болу 85 пайызға дейін жеткізілді. Жеңілдікті жағдайларды сақтап қалу үшін және келеңсіз жайттардың ШОБ субъектілеріне тиетін салдарын азайту үшін кәсіпкерлердің қазақстандық екінші деңгейлі банктердегі несиелерін қайта қаржыландыру тетігін енгізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз негізде экономиканың басым секторларында мемлекеттік гранттар «Ұлттық жоба аясындағы кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдауға келсек, ол өз мазмұнында әлеуетті және жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді бизнес жүргізуге үйрету және және консультациялық қолдау бойынша жобалар кешенін қамтиды. Облыс және аудан орталықтарында, моноқалаларда және кіші қалаларда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (КҚКО) жұмыс істейді. Онда «БЖК-2025», «Еңбек», «ҚЗЭ» бағдарламалары бойынша ақысыз негізде, офлайн және онлайн режимде көмек көрсетіледі. Одан бөлек, кәсіпкерлерге қолданыстағы бизнесін жүргізуге бухгалтерлік және салықтық есепке алу, статистикалық есеп беру, интернет маркетинг, заң қызметтері ақпараттық технологиялармен қамту, мемлекеттік сатып алу, отандық тауар өндірушілерге өнімдерін өткізуге көмектесу түрінде сервистік қолдау жасалады.
Сондай-ақ ұлттық жобада 6 пайыздық мөлшерлемемен шағын несиелер беру қарастырылған. Моно және кіші қалалар мен ауылдық елді мекендер үшін бұл несиелер салалық шектеулерсіз, инвестициялық мақсаттарға, 20 млн теңгеден аспайтын сомада, ал айналым ақшасын толықтыру үшін кепілзатсыз негізде 5 млн теңгеге дейін 5 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Одан бөлек, «ҚЗЭ» бағдарламасының басым жобаларының сыйақы (7 пайыз) мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және несиелерге ішінара кепіл болу (50 пайыз, 1 млрд теңгеге дейін) сынды несиелендіру механизмін жүзеге асыру жалғасуда. Кәсіпкерлік экономиканың қозғаушы күші десек, Президент бастамасымен жүзеге асқан ұлттық жобалар сол қозғаудың қуатына айналмақ.