ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жүргізілген талдауға сәйкес, бүгінгі таңда​ Байқоңыр, Төретам және Ақай елді мекендерінің аумағындағы​ ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі​ алаяқтық​ болып​ табылады.​ ​ ​ ​

Алаяқтықтың түрлері мен формалары әр түрлі болуы мүмкін.​ Ақпараттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюімен алаяқтықтың жаңа түрлері, соның ішінде интернет-алаяқтар​ деп аталатындар​ тұлғалар пайда болды, олардың саны жыл сайын артып келеді.​
​​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Интернет​ желілеріндегі​ алаяқтықтың бір ерекшелігі-​ қылмыскерлер тек​ Қазақстан Республикасында​ ғана емес,​ оның аумағынан​ тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатта болады.​
​​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Алаяқтықтың құрбаны жасына, жағдайына, ұлтына, мамандығына​ және т.б.​ статустарына​ қарамастан кез келген азамат болу мүмкін.
Интернеттегі алаяқтықты жүзеге асыру барысында​ қылмыскерлер өздерін банк қызметкері немесе​ банктің қауіпсіздік қызметі ретінде таныстырады,​ жалған электронды чек пайдалану,​ сатып алу туралы хабарландыру, жарнамалық желілер​ арқылы тауарларды жарнамалау, сату​ және онлайн-кредиттерді ресімдеу​ арқылы жасайды.​
Интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:
​ -паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз, банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді, тіпті егер Сізге Банк қызметкерлері​ ретінде​ таныстырған болса​ да бермеу қажет.
– жарнамадағы ақпаратты, әсіресе жақсы басылған ақпаратты мұқият және толық оқып шығу;​
-​ кез келген​ ұсыныстарға сын көзбен қарау;​
– тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеу;​
– белгісіз адамдарға ақша аудармау;​
– күмәнді шарттармен мәмілелер жасамау;​
-​ банк​ қосымшалары арқылы шоттағы​ шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеу;​
– өз құжаттарыңызға қол жеткізуді шектеу​ (жеке куәлік, банк картасы), құжаттардың фотосуреттерін ешкімге​ жолдамау;
Көрсетілген​ мәліметтер алаяқтарға белгілі болған жағдайда, оларға алдағы​ уақытта​ микрокредиттік қаржы ұйымдарында​ немесе банктерде​ олардың​ атынан несиелерді оңай рәсімдеуге мүмкіндік береді.

ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің Анықтау бөлімшесі

БӨЛІСУ