Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемле кет» тұжырымдамасы – билік пен халық арасындағы сенім көпірін жандандыратын тетік. Бұл тұжырымдама азаматтардың та-лап-тілегін ескере отырып қадам жасауға, халықты мемлекеттік қызметті ілгерілету ісіндегі белсенділігін арттыруға бағыт талған. Азаматтар жиі бетпе-бет келетін әлеуметтік салалардың жұмысын жетілдіру, құқық қорғау органдарының қызметін пысықтау кезек күттірмейді. Мұндай нәтиже құқықтық сауатты көтерумен тікелей байланысты. Қазақстандықтар өз құқығының бұзылуына жол бермеу үшін қарапайым құқықтық шешімдерден хабары болуы керек. Мәселен, полиция органы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды жедел тіркеп қана қоймай, оның қабылданғаны туралы хабарлама-талонды беруге міндетті. Бұл талон шағымның заңды түрде тіркелгенін, сонымен бірге құқықбұзушылықтың құзырлы органның назарына алынғанын айғақтайды.
Полиция органына шағымданғандар хабарлама талонының екі бөліктен тұратынын білгені жөн. Оның бірі – қылмыстық қудалау органында қалатын хабарлама болса, екіншісі – талонның артқы жағында өтініш берушіге берілетін ескерту талоны.
Қылмыстың ашылуы, азаматтардың күштік құрылымдарға деген сенімін нығайту, ең алдымен, осы арыз-шағымдарды жедел қабылдап, ресімдеуден бастау алады. Сондықтан полицияда арыздарды есепке алу-тіркеу тәртібі мен заңдылықты нығайтуға ерек ше көңіл бөлінеді. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды шешу кезінде заңдылықты сақтау полицияның жұмысын бағалайтын басты критерийдің бірі саналатыны сондықтан.
Осы жерде азаматтарды алаңдататын негізгі сауалға жауап берген дұрыс. Айталық, сіз полиция органына келіп, арыз бер- геніңізбен, олар арызды қабылдамаса, не істеу керек? Азаматтар көбінесе «полиция уақыттың кеш болып кетуін сылтау етіп арызымды қабылдамады, мені басқа по- лиция бөліміне жіберді, арызды қабылдаудан бас тартты» деп реніштерін білдіріп жатады. Мұндай жағдаймен бетпе-бет келген жағдайда аумақтық прокуратураға немесе ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнін- дегі комитетінің жергілікті басқармасына жүгінген жөн. Тағы бір ескерерлігі, егер арызыңызды қабылдамаса, кезекші бөлімдегі қызметкерлерден не себепті қабылдамағанын қағаз жүзінде жаздырып алуға тырысқан дұрыс. Сондай-ақ, арыздың қабылданбағанын бейнежазбаға түсіріп, куәгерлер көмегіне жүгінген артықтық етпейді. Егер дерек расталып, прокуратура органдары өтінішті қабылдаудан бас тарту фактісін анықтаса, арызды қабылдамаған полиция қызметкеріне тиісті шаралар қолданылады. Тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін де азаматтардың өтінішін қабылдау ісінде қайта кемшілікке жол берген қызметкер ішкі істер органдарынан босатылуы мүмкін.
Өйткені мемлекеттік қызметтің басты тұтынушысы – халық. Ал халықтың арызын қабылдауға байланысты полиция қыз- меткерлері жасайтын әрекет ҚР Бас про- курорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі No89 «Қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы мәлімдемелерді, хабарламаларды немесе баянаттарды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі. Осы бұйрықта дәйектелгендей, полиция органы қылмыстық құқықбұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды қайда жасалғанына, қай кезде орын алғанына, аумағына, сондай-ақ, хабарланған мәліметтердің аздығына қарамастан, тәулік бойы қабылдауы тиіс.
Сондай-ақ бүгінгідей барлық салаға цифрландыру жетістіктері жан-жақты енгізілген кезде азаматтардың өтінішін «Qamqor.gov.kz» интернет-ресурсы арқылы қабылдауға болатынын да ескере кеткен жөн. Онлайн-қабылдау азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеп, әуре-сарсаңнан құтқарады. Ғаламтор арқылы өтініш берген жағдайда азаматтарға өтініштің қабылданғаны немесе өтінішті қараусыз қалдыруға түрткі болған себепті түсіндірген хабарлама келеді.
Азаматтар осындай құқықтық қадамдарды білмегендіктен, полиция арызын қабылдамаса, ары қарай ізденбей, істі жылы жауап қоя салады. Прокуратура мұндай заңсыздыққа жол бермейді.

Ақнұр ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА

ҚСжАЕА басқармасының бөлім прокуроры

БӨЛІСУ