7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Қызылорда қаласындағы 55/47 ұлттық ұлан әскери бөліміне “Ассамблея жастары” ұйымының мүшелері барды.

“Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу” бағыты бойынша саяхат жасап, әскери сарбаздармен кездесті. Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы волонтерлар орталығының жетекшісі Уалихан Жанбатыр 7 мамыр мерекесінің шығу тарихы туралы ақпарат беріп, алда келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. Сонымен қатар Ассамблея жастарына әскери бөлімінің командир орынбасары әскери бөлімінің тарихымен және Қаңтар оқиғасы орын алған сәтте халықтың тыныштығы мен бейбітшілігі жолында өз өмірін құрбан еткен Мадияр Қайсаровтың «Мәңгілік сапта» бұрышын таныстырды. Мадияр Қайсаров Қызылорда қаласында қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру бойынша қызметтік-жауынгерлік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан. Бүлікшілер әскери жүк көлігін қолды етіп, оны сарбаздарға бағыттаған. Сол сәтте Мадияр батыр жанындағы серіктерін итеріп үлгеріп, өзі камаз көлігінің астында қалған. Ел тыныштығы үшін құрбан болған қазақтың батыры Мадиярдың қолданған барлық заттары, кереуеті әскери бөлімшеде сақталып тұр. Экскурссия барысында “Ассамблея жастар” ұйымының мүшелері Мадиярдың және әскери көлік, сарбаздарының жатақханасымен толықтай танысты.

Өңірде жастарды қолдауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асуда. Президент Жолдауы аясында 2023 жылы 6 мыңға жуық жастар жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, жастардың өз кәсібін ашуына жәрдемдесу мақсатында жылдық өсімі 2,5 пайызды құрайтын шағын несие беріледі.

Биылғы жылдың өзгерістеріне байланысты «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқу курстарына 9189 адам оқуға қатысып, бизнес жобаларын сәтті қорғап, 7045 адам сертификат алды. Бұл азаматтар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін мемлекеттік гранттаға қатысуға мүмкіндіктері бар. Биыл жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін мемлекеттік гранттар көлемі 200-ден 400 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. 2022 жылы жалпы 3437 адамға беру жоспарланса, оның 1468-і – жастардың үлесінде. Бүгінгі күнге аудандық және қалалық деңгейдегі грант мәселесі жөніндегі комиссия іріктеуінен өткізілуде. Грантқа құжат тапсыру электронды түрде болғандықтан, дерекқор арқылы 3 топқа бөлінген. Бүгінде екінші науқан аяқталуда.

Айта кетейік, мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Отбасының цифрлық картасы» «Әлеуметтік кодекс» жобасы аясында 1 қыркүйектен бастап пилоттық режимде іске қосылған. Тұрғындарға жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызметтер алу мүмкіндігі ұсынылуда. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан «Күміс жас», «Ұрпақтар келісім шарты», «Бастау бизнес» жобалары бойынша жұмыстар жалғасуда.

БӨЛІСУ