Бүгін аудан әкімі Берік Сарменбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті.

Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Еспенбетов, кент және ауыл әкімдері, дербес бөлімдер мен сала басшылары қатысты.

Аудан әкімінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №111 өкімімен құрылыс, сәулет қала құрылысы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары, жер қатынастары саласы жөніндегі аудан әкімінің орынбасары лауазымына Еспенбетов Роллан Манарбекұлы тағайындалды.

Роллан Манарбекұлы 1988 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2011 жылы Халықаралық Білім беру корпорациясының Қазақ бас сәулет құрылыс академиясын «құрылыс» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «құқық» мамандығы бойынша және 2021 жылы «Нархоз Университетін» «іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша бітірген.

2008 – 2012 жылдары «Промстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маркетинг бойынша инженері.
​2012 – 2014 жылдары «Абзал Проект Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автокадчигі, бас инженер жобалаушысы.
2014-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің заңгер-консультанты, бөлім басшысы.
2018 жылдың сәуірінен бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы лауазымын атқарып келді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық полиция департаментінің бұйрығымен Сырдария аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары лауазымына Оспанов Азамат Айдуллаұлы тағайындалды.

Аудан басшысы жаңа қызметке кіріскен азаматтарға қызметтегі тәжірибесі және білімі пайдалана отырып, алда тұрған жауапкершілігі мол, үлкен міндеттерді атқарады деп сенім білдірді.

БӨЛІСУ