Биыл, аудан орталығы Тереңөзек кентінде атқарылатын жұмыстардың көлемі ауқымды және міндеттері де аз емес.

Бірінші кезектегі міндет тұрғындардың ұсыныстары мен атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы орындалуы.
Осы орайда, аудан әкімі Б. Сәрменбаев жауапты мамандармен атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Бүгінгі күні Тереңөзек кенті, Айтбай арық көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталған. Аталған көшені жөндеу жұмыстары «Әлем қызмет group» ЖШС арқылы жүргізілуде.

2022 жылы басталған И.Тоқтыбаев көшесін орташа жөндеу, оның ішінде жаяу жүргіншілер жолы мен темір бетонды лоток орнату жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған. Мердігер мекеме «Бауыржан Құрылыс» ЖШС-і.

Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан түскен өтініштердің негізінде А.Тоқмағанбетов көшесі бойындағы “Қаракөл” каналына жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпір салынады.

Осы орайда, кентішілік атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысып шыққан аудан басшысы жауапты сала мамандарына мемлекет тарапынан бөлініп отырған қаржыны тиісінше игеріп, ел игілігіне бағытталған жұмыстардың сапалы және уақытылы орындалуын міндеттеді.

Жалпы барлық көрсеткіш бойынша Сырдария ауданы облыс бойынша алдыңғы қатарда.

Аудан экономикасына тікелей ықпал жасайтын өнеркәсіп саласында оң динамика қалыптасты. Өнеркәсіп өндірісі 4,3 есеге ұлғайса, өңдеу 55,9 пайызға өсті. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі көлемі орындалып, инвестиция 219 пайызға, тұрғын үй құрылыс жұмыстарының көлемі 1,9 пайызғаартып отыр.

   Өткен жылы ауданда шаруашылық құрылымдары 33 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды.Оның ішінде  21 мың гектарға күріш егіліп, аудан бойынша барлығы 133 мың тонна күріш салысы жиналды. Америка, Әзербайжан, Моңғолия, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттеріне 16 мың тонна ақ күріш экспортталды. Сырдария ауданы аймағымызда ауыл шаруашылық саласындағы «Үздік аудан» атанып, жылды айтулы нәтижемен қорытындылады.

Сонымен қатар, 1019 гектар жерге картоп, көкөністер мен бақшалық дақылдар егіліп, 25 мың тоннаға жуық өнім алынды.            

Егін шаруашылығымен бірге, өңір экономикасының негізгі резервінің бірі – мал шаруашылығы да тұрақты дамуда.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 105,2%, жылқы 109,5%, түйе 101,9%, құс 106,4% артып, уақ мал 105,5% орындалды. 2022 жылы 4100 тонна ет, 7133,7 тонна сүт, 191,1 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Ауыл шаруашылығын әртараптандыру бағыты бойынша жалпы 991 гектарға артып отыр.

Атап айтқанда, бидай – 619 гектар, мақсары – 194 гектар, күнбағыс – 2 гектар, картоп – 88 гектар, көкөніс – 19 гектар және бақша өнімдері – 77 гектарды құрады.

2022 жылы «Кеңдала», «Агробизнес», «Іскер» бағдарламалары бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚы арқылы 32 шаруашылық құрылымдары егін және мал шаруашылығын дамытуға 311,7 млн теңге несие алды.

Мал шаруашылығын дамытуға «Агробизнес», «Іскер» бағдарламасы бойынша 

26 шаруашылық құрылымдары 143,1 млн теңгеге 47 бас түйе, 61 бас сиыр 172 бас жылқы, 200 бас қой сатып алып алынды.

Өткен жылы су тапшылығы шаруашылықтарды әбігерге салғаны белгілі. Аймақ басшысы бұл мәселелерді дер кезінде көтеріп, алдын алу шараларын жүргізді. Облыстық бюджеттен 198 млн. теңге қаржы бөлініп облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 6каналдың 56,2 шақырымына механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Қосымша қажетті 12 дана насос құрылғысы алынып елді мекендерге жеткізілді. Соның нәтижесінде, ауданымыз жоғары межеден шықты.

БӨЛІСУ