Достық үйінде Ұлы Жеңіс мерекесінің 78 жылдығына арналған Қызылорда облыстық Татар орталығының мерекелік кеші өтті.
Шараға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, мүшелері және қала тұрғындары қатысты.
Көрермендер алдында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камалов және татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина сөз сөйлеп, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, мерекемен құттықтады.
Концерттік шарада әртүрлі жастағы өнерпаз балалар өнер көрсетіп, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қазіргі ұрпақ соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне бүгінгідей бейбіт өмір үшін қарыздар. Сондықтан татар бірлестігінің белсенділері дайындаған нөмірлер мереке қонақтарына арналған сый-құрметтің белгісі іспетті.
“Жасмин” би тобының өнерпаздары әскердегі күндерді еске түсіретін “Көк орамал” биін орындады. Татар этномәдени бірлестігінің “Сарман” вокалдық тобы мен солистер түрлі тілде өлеңдер оқып, әндер шырқады. LED-экранда Ұлы Отан соғысының тарихқа толы соғыс жылдарын еске салатын бейнероликтер көрсетілді.