Қармақшы ауданы Жосалы кенті Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің оқушылары Ақназарұлы Мадияр, Жақсылықов Дамир Бекбергенұлы, Әбдіқадыр Назерке Тоқтарқызы Республикалық «Бала және бағдаршам» жобасына қатысып, жобаның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Мұратұлы Ахметжановтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

Өз кезегінде оқушылар полиция қызметкерлерімен бірге, балаларға жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін насихаттау және аудан көшелерінде қауіпсіз әрекет дағдыларын үйретуде белсенділік танытты.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Алғыс хатын» оқушыларға Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Бақытбек Зейнуллаұлы Жаркинбаев табыстады.

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық . Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың  жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.

Сол себепті  балалардың  өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет.  Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады.  Жолдың қалыпты қозғалысы  көбінесе  балалардың жол бойында қалай болса  солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,  қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады.   Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина  дөңгелегіне  ілініп қаза тауып,  кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің  жүріс-тұрысының  жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда  балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны  көлік жүргізушілерінің  ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға  жолда  жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап,  балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті.

Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу іс-әрекеттері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін  «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытындыжасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.

БӨЛІСУ