Бүгін Сырдария ауданында “9 мамыр – Ұлы Жеңістің 78 жылдығына” және “7 мамыр – Отан қорғаушылар күні” мерекесі аталып өтті.
Ең алдымен аудан әкімі орталық саябақта әскер қатарына баратын жастарға жолдама тапсыру рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, жақын күндері Отан алдындағы борышын өтеп келген 1 азаматқа әскери билет табысталды. Әскерден оралған жігіт жас сарбаздарға, аудан жастарына ұран тастап Отан алдындағы борышын өтеуді міндет екенін жеткізді.
Шара барысында аудан мектептерінің бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімдерінің қатысуымен саптық қарау, улануға қарсы дайындық және автомат шашу сынды әскери спорттық дайындықтары пысықталды.
Мұнан соң аудан әкімі аудандық мәдениет үйінде өткен “Ер – елінің қорғаны” атты мерекелік, салтанатты шараға қатысты.
Мерекелік шараға аудандық мәслихат хатшысы Е. Әжікенов, аудан ардагерлерінің төрағасы М. Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М. Еспенбетов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов және аудан ардагерлері, ведомствоаралық мекеме басшылар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында аудан әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы шараға жиналған тұрғындарды “9 мамыр – Ұлы Жеңістің 78 жылдығына” және “7 мамыр – Отан қорғаушылар күні” мерекесімен құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады.
Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласып, өнерпаздар соғыс жылдарындадағы көріністерді көрсетіп, әндерді нақышына келтіре орындады.