Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Кездесу барысында мәслихат депутаттарының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар мен талаптары тыңдалды.
Сонымен қатар, кездесуде өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, аудан басшысы аудандық мәслихат депутаттарымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын талқылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды.
Мұнан соң, мен де “Amanat” партиясы атынан сайланған аудандық мәслихат депутаттары Аманкелді ауылында соңғы уақытта күрделі мәселелерге айналған тұрғындардың 16 өтініш-тілегін жеткізді.
Атап айтсақ, елді мекеннің кіре-берісіне арка орнату, Қ.Сәтпаев көшесіндегі ойын алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, аяқ су мен ауыз су мәселесі, ауылдық мәдениет үйінің штат бірлігі туралы, елді мекен ішіне жаңа жолдар түсіру бойынша, ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылды газбен қамтамасыз ету мәселесі және т.б өтініштер айтылды.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдап, аталған мәселелердің маңызды екенін назарға салып, бірлесіп жұмыс атқару арқылы нәтиже болатынын және кезең-кезеңімен орындалатынын қаперге салды.
Өз кезегінде аудан басшысы мәслихат депутаттарына мұндай бірлескен кездесулер ауданымызды дамыту бағытында, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қарқынды нәтижеге қол жеткізетіндігін және жүйелі жұмыстарды іске асыру үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.