ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Сыр өңіріне жұмыс сапарында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге шалғай елді мекендерде тұратын оқушыларда жалпы білім беретін мектептерге және кері үйлеріне тасымалдайтын заман талабына сай жасақталған 19 автобус берді. Оның ішінде, Тасбөгет кентінде орналасқан №176 орта мектепке сыйымдылығы 40 оқушыға арналған 1 автобус табыстады.

Айта кетейік, қазіргі уақытқа дейін №176 орта мектепке Сабалақ, ПМК-66 және Жаңадария саяжайларында тұратын жалпы саны 99 оқушы 1 автобус және 1 микроавтобуспен қамтамасыз етіліп келді.

Биылғы жылы кенттегі Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінде көптеген игі істер қолға алынды. Солардың бірі – мектептің өз бюджеті есебінен үнемделген 26,0 млн теңге қаражатқа салынған барлық стандартқа сай 1 футбол және 1 баскетбол алаңының ашылуы болып өтті.

Спорт нысанының ашылу салтанатында кент әкімі Сыздықов Семсер құттықтау сөз сөйледі. Ол «Бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Біз осы бағытта кент көлемінде ауқымды жұмыстар атқарудамыз. Соңғы жылдарда бірнеше спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңдары пайдалануға берілді. Соңғы үлгідегі спорт алаңдары өскін ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, тәнін шынықтыратын орынға айналады деп сенеміз» — деді.

Естеріңізде болса, үстіміздегі жылы 6,2 млн теңгеге оқу орнының айналасы темірмен қоршалып, ауласына брусчатка төселген болатын. Сонымен қатар, мектеп кітапханасының сөрелері жаңартылып, жаңа жиһаздар қойылды. Технология кабинеті заман талабына сай 5 түрлі станоктармен, жаңа тігін машиналарымен, асхана жиһаздарымен жабдықталған болатын. Бұған қоса оқушылар қажетіне LED экран мен компьютер жабдықтары алынды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкердің демеушілігі есебінен 3,0 млн теңгеге мектептің асханасына қажетті жаңа заттар алынып, еденіне толықтай кафель төселді. Мектептің электр желілері толығымен жаңартылып, сигнализация жүйесі толық ауыстырылды.

БӨЛІСУ