Қылмыстық істердің тарихи қалыптасуы бойынша қағаз ақпараттың негізгі тасушысы болып саналады. Әртүрлі терегеу әрекеттері, тергеушінің, прокурордың және соттың шешімдері жазбаша процесуалдық құжаттарда бекітіледі. Қылмыстық істің күрделігі мен көп эпизодтылығы, сот сараптамасының көптігі, айыпталушылардың, жәбірленушілердің және куәгерлердің едәуір саны тереп-тексеру материалдарының үлкен санына әкеп соқтырады, бұл өз қатарында көлемді томдардың пайда болуына ықпал етеді.

Бүгінгі таңда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аса ауырланған, бұған көптеген қаржы, адам және уақыт ресуртары шығындалады.

Тергеушілер қағазбастылықта және кабинеттерге барумен: тергеу әрекеттерді прокурормен келісуге, санкцияларды алуға, тілден тілге аударуға, процес қатысушыларға материалдармен таныстыруға, сот сараптамаларына және т.б. уақыт жоғалтады.

Сондай-ақ, процес қатысушылардың қылмыстық істің процесуалдық материалдарына уақытылы қолжетімділік мүмкіндігінің жоқтығы материалдардың бұрмалау тәуекелін сақтайды, құқық қорғау органдары мен халық қарым-қатынастарының айқындылығын толыққанды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Мемлекет басшысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында қылмыстық сот өндірісінің электрондық форматқа кезең-кезеңмен көшу анықталған.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында Бас прокуратура «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйенің (бұдан әрі –СДТБТ АЖ) негізінде «Төрелік» сот ақпараттық жүйесімен үйлестірілген «Электрондық қылмыстық іс» модулін әзірледі (бұдан әрі –е-ҚІ).

Бұл қылмыстық сот өндірісінің барлық кезеңдерін (құқық бұзушылықты тіркеуден бастап сот үкімінің шығарылуына дейін) цифрлауға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік органдардың дерек қорларымен үйлестіру жұмыстары қылмыстық сот өндірісін оңтайландыруда үлкен рөл ойнайды. Электрондық қылмыстық іс аясында тергеп жатқан қызметкерге мемлекеттік органдардан іс бойынша өтіп жатқан тұлғаларға, меншікке қатысты мәлімет сұраудың қажеті жоқ. Осының бәрін үйлестірілген жүйелер арқылы тергеушіге кабинеттен шықпай-ақ электрондық форматта алуға болады.

Электрондық қылмыстық істің басқа артықшылығы қашықтықтан санкциялау болып саналады. Енді тергеп қамаққа алынғанды оған бұлтартпау шарасын тағайындау үшін біршама ара-қашықтыққа апарудың қажеті жоқ. Санкциялау үрдісі бейне-конференц байланыс режимінде өтетін болады, тиісінше күдіктілерді үлкен ара-қашықтыққа апарудың қажеттілігі жоғалуда. Бұл уақыт шығындарын қысқартуға, қашу тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді, сонымен қатар, жанармайға кететін шығынды, жүргізушінің жалақысын және автокөліктің тозуын қысқарту жолымен бюджеттік қаражат үнемделеді.

Сонымен қатар, қылмыстық процес қатысушылары сайтта өтініштерді, өтінішхаттарды және шағымдарды бере алатын, істің материалдарымен таныса алатын, процессуалдық құжаттардың көшірмелерін алатын «Бұқаралық сектор» веб-порталын әзірленген болатын.

Электрондық қылмыстық іс қылмыстық істің қозғалуынан бастап сотқа жолдануына дейінгі барша қылмыстық процестің айқындылығын қамтамасыз етеді. Қылмыстық істе құжаттардың бұрмалауы мен ауысуын жояды.

БӨЛІСУ