Бүгін Қармақшы аудандық кәсіпкерлер палатасы алаңында өңірлік кеңес мүшелері аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Өңірлік кеңес мүшелері алдымен Қармақшылық қыз-келіншек кәсіпкерлердің өнімдерінен тұратын шағын көрмемен танысты.

Әрі қарай өңірлік кеңестің төрағасы Ерлан Раимов кеңестің мақсат-мүддесімен таныстырып, қарап, шешіп жатқан мәселелермен таныстырды. Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Қаржаубаев Алмас облыстан келген азаматтарға бірқатар өзінің сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Сонымен қатар, Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында ауылдық округ әкімдері және жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Бұл шарада Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Даурен Мұзапарұлы, аудандық кәсіпкерлік бөлім басшысы Біржан Мүтәлұлы ауыл тұрғындарына арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы мен жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиенің мүмкіндіктерімен бөлісті.

Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукова «Мен кәсіпкердің» «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында жүзеге асырылатын «Бір ауыл – бір өнім» жобасы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Мемлекет басшысы Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сонымен қатар облыс әкімінің өңірді дамытудағы жаңа серпін беретін «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары» аясында аудан көлемінде шағын және орта кәсіпкерлік бастамаларды іске асырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында серпінді жұмыстар іске асырылуда.
Осы ретте аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев елді мекендерді аралап, өнеркәсіптік өңдеудің жаңа бағыттарын айқындау мақсатындағы сапары Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде жалғасты.
Сапар аясында Төретам кентіндегі жеке кәсіпкер Өміртай Сәбиттің жиһаз жасау цехымен танысты.
Сонымен бірге Ақай ауылдық округінде орналасқан шағын жиһаз жасау цехымен, газоблоктар шығару цехының және шағын жылыжайдың жұмысын аралап көрді.
Ақай ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Жаппасбаев Ерланның күн энергиясын алу панелдері орналасқан нысанымен танысты. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкер күн энергиясының қуатымен Ақай ауылындағы екі көшенің тұрғындарын энергиямен қамтып отырғанын жеткізді.
Кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында аудан басшысының орынбасары – Ірі өндірістер айналасында ілеспе бизнес құрып, өркендеудің нақты қадамы белгіленді. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өткен жылы аудан бойынша 70 өндірістік шағын жобалар іске асырылды.Бұл мақсаттағы жобалар үстіміздегі жылы да жалғасын табуы қажет.
Мысалы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округтерінде кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндіктер мол. Байқоңыр қаласынан мал өнімдері мен азық-түлікке сұраныс жоғары. Осы ретте өндірістегі өңдеу цехтары немесе мал бордақылау алаңдары бағытында жұмыстарды жандандыру маңызды, – деді аудан әкімнің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы.
Кәсіпкерлік саласының жандануы қандай кезеңдеде болмасын тұрғындардың әл-әуқатының артуына әсерін тигізеді.
Жаңадан кіші цехтар ашуды, ауылдық елді мекендерді дамытудың өзге де салаларына баса назар аударып, тиісті шаралар қабылдауды сапар барысында тиісті жауапты басшыларға жүктеді.
Қармақшы ауданы әкімінің б

БӨЛІСУ