Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда университеті екі жақты Меморандум аясында бірлескен шараларды жиі өткізеді. Өткен аптада департамент қызметкерлері осындай екі шараға қатысты.

Оның бірі – «Қазіргі заманғы заң доктринасы мен құқық қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткен студенттер арасындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға департаменттің талдау тобының жетекшісі Нұрбол Әлкебайұлы қатысып, студенттер жұмысына баға беру комиссиясы құрамында жұмыс жасады.
Сонымен қатар болашақ заңгерлерді дайындайтын оқу орны мен жұмыс берушілер және студенттер үштігі құрайтын командалардың қатысуымен өткен форсайт-сессияға депарменттің бас маманы Бақыт Орданова қатысты. Бұл шараның мақсаты – университет пен жұмыс берушілер тарапынан болашақ бітірушінің идеалды тұлғасын қалыптастыру үшін қажетті талаптарды талқылау. Жастарға бағыт сілтеп, кеңес беру.

БӨЛІСУ