Қызылорда облысында жергілікті маңызы бар 3418,5 шақырым жол бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар жол 1014,5 шақырымды құрайды. Ал бүгінде құрылысы қарқынды жүріп жатқан «Қызылорда-Жезқазған» тас жолы 204 шақырым. Тас жол 2025 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Жәнібек Сыздықов мәлімдеді.

-Бүгінгі таңда аймақ басшысының тікелей қолдауымен қайта жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Алдағы уақытта бұл республикалық маңызы бар жол өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосады,- деді Жәнібек Шәкімбайұлы.
-Қазіргі таңда республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» тасжолының 12-216 шақырым арасында қайта жаңарту жұмыстары басталды. Бүгінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қайта жөндеу жұмыстарын жергілікті «Қыран» ЖШС атқарып жатыр. Тас жолдың 140 шақырымына жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, су скважиндері, айналмалы жол жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жолдың бойынан асфальт зауыты салынып жатыр. Жөндеу жұмыстары барысында қолданылып жатырған құрылыс заттарының барлығы Жаңақорған ауданынан тасымалданады,-деді «ҚазАвтожол» АҚ ҰҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Ерсайын Мұзаффар.

Аймақ үшін өзекті жобаларымыздың бірі, бұл – Президенттің тікелей бақылауындағы «Қызылорда-Жезқазған» автожолының құрылысы. Аталған жолдың ұзындығы 216 шақырымдықұрайды, биылғы жылы оның 140 шақырымнан астам бөлігін аяқтау межеленуде. Қалған бөлігі 2025 жылдың аяғына дейін толық аяқтап, халық игілігіне берілетін болады.

БӨЛІСУ