ҚР Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаменті Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімшесінде кездесу өтті. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Мұхтар Ибраев, өңірдегі ЖПб бастығының орынбасары Нартай Тілегенов қатысты.
Спикерлер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатын негізге ала отырып, дамудың даңғыл жолына түсудегі тұрақтылықтың маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен бірге, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің мән-маңызын, елдегі бірлік пен татулыққа мән беріп, оны өмірлік ұстанымы етіп, іс жүзінде жүзеге асыра білген халық қана бейбітшілік пен бірлікте ғұмыр кешетіндігі туралы кеңінен тарқатып айтты.
Сыр өңірінде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында қолға алынған ауқымды істер, этномәдени бірлестіктердің жұмыстары, өңірімізде мекен еткен барлық этнос өкілдері достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауы жолындағы еңбектері жайлы айтып өтті.
Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кездесу пікір алмасуға ұласты.

 

БӨЛІСУ