Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
«Парыз» республикалық конкурсы туралы.
Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен өткізілетін Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына (бұдан әрі – Конкурс) құжат қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Мемлекет басшысының 2008 жылғы Жарлығымен бекітілген Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру және осы салада бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату мақсатында өткізіледі.
Байқауға қатысу тегін болып табылады.
Байқау төрт номинациядан тұрады:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»: бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»: бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
«Үздік ұжымдық шарт»: бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
«Экологияға қосқан үлесі үшін»: бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Сондай-ақ конкурс аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы белгіленген. Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.
Конкурс лауреаты атағына үміткерлер материалдарды ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
Конкурсқа катысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған және банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Конкурсқа катысу үшін үміткерлер екі данада келесі құжаттарды жолдайды:
1) өтінім;
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі (заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша сапалы ақпарат);
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
4) сауалнама.
Құжаттар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.
Өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, ауданның барлық кәсіпкерлерін «Парыз» конкурсына белсенді қатысуға шақырамыз.
Конкурс туралы толық ақпаратты Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан (Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар №47, тел:274066) немесе Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен (Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі №58, тел:2-35-16) біле аласыздар және құжаттарыңызды осы органдарға тапсыра аласыздар.
Ескертпе: белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.